Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында жаңадан ашылған Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында жыл үздіктері марапатталды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, марапат иелерін құттықтады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Биылғы жылы жеткен жетістігіміз барша оңтүстікқазақстандықтардың еткен еңбегі мен пайымды парасатының нәтижесі деп білемін. Келер жылға да ауқымды жоспарлар бізді күтіп тұр. Сондықтан да, алдағы міндеттерді бірлесіп, атқарамыз деген сенімдемін», ‒ деді облыс басшысы.

Осыған орай, арнайы құрылған комиссиялардың шешімімен облыстың мәдениеті мен руханиятына және білім, денсаулық сақтау, спорт, құрылыс, ауыл шаруашылық, көлік және т.б. түрлі салалардың дамуына сүбелі үлес қосқан 39 азамат «Жылдың үздігі» номинацияларына лайық деп танылды. Атап айтқанда, жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі танылса, жылдың үздік композиторы Құттыбай Сағынтай Тәттібайұлы марапатталған. Бұдан бөлек, жылдың үздік әншісі аталымы бойынша Рысдаулетовтердің отбасылық халықтық «Өркен» тобы, үздік ақыны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Агроөнеркәсіп» факультетінің студенті Әлішер Әлімжан марапатталды.

Соңғы жаңалықтар