12:20, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2 млрд. теңгедей қаражат алды
ШЫМКЕНТ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясында депутаттар 2010-2012 жылға арналған облыстық бюджетке өзгертулер енгізу туралы мәселені қарастырды.

«Облыстық бюджетке өзгертулер енгізу республикалық бюджеттен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бөлінген трансферттердің келіп түсуіне байланысты. Олардың сомасы 2,13 млрд. теңгені құрайды. Мәслихаттың шешімі бойынша бұл қаражаттар несие бойынша пайыздық үстемақыны демеуге, шағын және орта бизнесті ішінара несиелендіруге, бизнестің алғышартын қолдау қызметіне, индустриялық инфроқұрылымдарды дамытуға бағытталатын болады», - деп түсіндірді ОҚО мәслихатының баспасөз қызметі.