Оңтүстік Қазақстан облысы туристік кластерінің келешегі жақсы - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов

КЕНТ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы туристік кластерінің келешігі жақсы. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұма күні Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысында айтты.
None
None

«Бұл жерде маңызды орындардың өте көптігі тарихи тұрғыда қалыптасқан. Біріншіден, әрине, облыс аумағына орналасқан Түркістан. Мен бүгін қабылданатын шешімнің келешегі зор деп ойлаймын», - деді К.Мәсімов.

 Туристік саланы дамыту облыс басшылары үшін бірінші кезектегі міндеттердің қатарына жатады. «ОҚО-да мәдениеттің, сәулеттің тарихи ескерткіштері орналасқан. Бірегей кешендер бар - мысалы, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи, Отырар шұратындағы қалалар - Отырар, Алтынтөбе және Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан басқа да қалалар. Олардың базаларында қазіргі заманғы тарихи кешендер салуға болады», - деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев. Ол тарихи, зиярат, экология туризмдерін дамытудағы облыс басшыларының жоспарымен таныстырды.

 К.Мәсімов «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының туристік бизнесті дамыту үшін жақсы ынталандыру болатынын атады. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көліктік дәлізі бойымен ұлттық туристік кластердің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуді «Тобыл», «Оңтүстік», «Жетісу» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары өзіне алуы тиіс. Жергілікті билік көліктік дәліздің өн бойында жол бойы инфрақұрылымдар нысандарының құрылыстары үшін жер телімдерін бөлу және осы нысандар құрылыстарының үлгілік жобаларын әзірлеу мәселелерімен айналысуы тиіс, - деп атап айтты К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар