Оңтүстік Қазақстан облысында аккумулятор зауыты іске қосылды

АНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Оңтүстік Қазақстан облысында аккумулятор зауыты іске қосылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, зауыт жылына 1 млн. дана өнім шығара алады. Зауыт заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бәсекелестік қабілеті жоғары. Шығарылатын өнім еуростандарттарға сай. «Қуантарлық жағдай, өндіріске қажетті шикізаттың 90 пайызы жергілікті жерден. Сол себептен басқа зауыттың өнімдеріне қарағанда оның өнімінің бағасы 25-30 пайызға төмен болады деп күтілуде», деді әкім.

Оның айтуынша, облыста өндірістік жобалар өз кезегімен іске қосылуда. Орта және шағын бизнес саласындағы жобаларды айтпағанда, жылдың аяғына дейін 7 ірі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалардың құны - 44 млрд. теңге. Қосымша 2 мың 300 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар