08:49, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында болған дала өртін сөндіру үшін құтқарушылар 8 сағат бойы жалынмен арпалысты
АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында дала өрті орын алды, зардап шеккендер жоқ,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, маусымның 28-і күні сағат кешкі 21.00 шамасында Түркістан қаласына жақын Бабай қорған ауылының маңында 70 гектар аумақты жалын шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады баспасөз орталығы.
Жалын сейсенбі күні сағат 05.18-де ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 15 адамы мен 2 техникасының арқасында ауыздықталды.