Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым геморрагиялық безгегінен тағы бір адам көз жұмды

ШЫМКЕНТ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым геморрагиялық безгегінен тағы бір адам көз жұмды. Бұл жолы перзентхананың дәрігері, 36 жастағы Шынар Бақбергенова осы қауіпті инфекцияның құрбаны болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ш.Бақбергенова шілденің басында босанып жатқан әйелге және нәрестесіне дәрігерлік көмек көрсеткендердің бірі болды. Ол адам әйелдер босанатын үйге қан кетіп түскен болатын. Түркістан мен Шымкенттің дәрігерлері оған үш рет операция жасады, алайда әйел қайтыс болды. Оның жаңа туған сәбиі де көз жұмды. Операцияға Түркістен қалалық орталық ауруханасының хирургі Сайлаубек Өскенбаев пен шымкенттік хирург Зейнолла Қабдиев қатысты.

Шымкентте шілденің 9-ында З.Қабдиев, шілденің 11-інде Түркістанда - С.Өскенбаев қайтыс болды. Өскенбаевқа «қырым-конго геморрагиялық безгегі, ауыр түрі» деген диагноз қойылды. Шілденің 10-ы күні кешке жұқпалы аурулар бөліміне Түркістан қаласы перзентханасының акушер-гинекологы Нұрбол Өтепберген түсті. Ол босанып жатқан әйелді бірнеше рет қарады. Келесі күні жұқпалы аурулар бөліміне перзентхананың 34 жастағы тазалық сақтаушы қызметкері Айжан Қалыбекова жатқызылды. Ол да босанып жатқан әйелге күтім жасаған. Н.Өтепберген мен А.Қалыбековаға «орта дәрежедегі тыныс аурулары» деген диагноз қойылған.

Бұл факті бойынша Түркістан прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлімі, 267 бабы бойынша (абайсыздықта жаппай ауруға, кісі өліміне соқтырған санитарлық-эпиедиологиялық ережелерді бұзу) қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ОҚО прокуроры Марат Ахметжанов брифингіде айтты. Сондай-ақ ол ауру жұқтырушы босанып жатқан әйел емес, медицина қызметкерлерінің өзі болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеретіндіктерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар