17:44, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топ жойылды
ШЫМКЕНТ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаумен айналысып келген қылмыстық топты жойды.

Сайрам аудандық ішкі істер басқармасына қазанның 3-інде Тассай аулындағы фирмалардың бірінің қарауылынан хабар түседі. Ол үш ер адамның күш қолдана отырып, фирманың ғимаратына басып кіргенін хабарлады. Олар қарауылдың аяқ-қолын байлап тастап, жалпы сомасы 5 млн. теңге салынған сейфті ұрлап кеткен.
Шұғыл-іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер жас жігіттерді - Мақтаарал және Төле би аудандарының тұрғындарын ұстайды. Қылмысқа қатысқан үшінші күдікті қазір Ресей Федерациясының аумағында бой тасалап жүр. Оны құрықтау бойынша іс-шаралары жүргізілуде.