Оңтүстік Қазақстан облысында несие алаяқтығы фактілері бойынша 200 қылмыстық іс қозғалды

Тергеу басқармасына жергілікті банктердің бірінің басшылығынан шағым түсті: белгілі болғандай, 2013 жылдың ақпанында жергілікті тұрғындардың бірі жалған құжат жасап, кепілге көтеріңкі бағамен жылжымайтын мүлкін қойған. Соның арқасында ол 16,3 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған, бұл қаржы әлі күнге дейін қайтарылмаған.
ІІД ҚР ҚК 177-бабында көзделген «Алаяқтық» қылмысы бойынша 200-ден астам іс көтерді, онда банк жәбірленуші ретінде қатысуда.
Тергеу ұйымдасқан топ құрған адамдар қайда да бір схемамен әрекет еткенін анықтады. Олар жылжымайтын мүліктерін, учаскелерін немесе үйлерін кепілге қою арқылы несие алғысы келетіндерді тапқан. Өздерінің мемлекеттік және жеке мекемелердегі байланыстарын пайдалана отырып, алаяқтық жолмен жалған құжат жасап, нақты бағасын көтеріңкіреп қойып, банк менеджерлері арқылы несие алып, қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Ұсталған осындай әйелдің бірі өзінің танысының жеке ғимаратының құжаттарын пайдаланып, банк менеджері арқылы 16 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, оның 10 пайызын несие алып берушіге сыйақы ретінде ұсынған.
Банк менеджеріне қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол полициядан Астана қаласында жасырынып бой тасаламақ болды, бірақ та ұсталып, Шымкенттің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.
Қазіргі кезде 50-ден астам адам айыпталып отырған 60-тан астам іс сотқа жіберілді, олардың 15-і тұтқындалды, 22 айыпты адам әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталды.
2013 жылдың ақпанында банк өтінішімен түскен осындай 40 қылмыстық іс қаралу үстінде. Жергілікті банк осындай алаяқтардың салдарынан екі миллиард теңгенің үстінде шығынға батты. Тергеу жалғасуда.