Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдан бастап ауыз судың және кәріз қызметтерінің құны әртараптандырылатын болады

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдан бастап ауыз судың және кәріз қызметтерінің құны әртараптандырылатын болады,
None
None

деп хабарлады ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Тарифтер мынадай санаттар бойынша әртараптандырылған: халық және жылумен жабдықтаушы ұйымдар, бюджеттік ұйымдар және өзге ұйымдар.

Тұрғындар мен жылумен жабдықтаушы ұйымдар үшін ауыз су тарифі бір текше метр үшін - 36,53 теңге, кәріз қызметтеріне 13,10 теңге мөлшерінде бекітілген. Бюджеттік ұйымдар суға - 55,18 теңге, кәрізге 20,07 теңге төлейтін болады. Өзге ұйымдарға арналған тарифтер тиісінше 89,70 және 27,73 теңгені құрайды. Тарифтер үш жыл бойы қолданылады.

Соңғы жаңалықтар