08:16, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында жеке үйде болған өртте бір адам қаза болды
ТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданындағы Тоғыс ауылында Түркістан көшесіндегі 50/4-үйде кеше 01 сағат 30 минутта жеке үйде өрт шықты.

Тілсіз жау 02 сағат 24 минутта ауыздықталып, 02 сағат 56 минутта сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт ТМЖ ОҚО департаменті өрт сөндіру қызметінің 12 адамнан құралған жеке құрамының және 2 бірлік техникасының күшімен сөндірілді. Өрт аумағы 8 шаршыметрді шарпыды. Жалынды сөндіру барысында 1960 жылы туған азамат А.Гричухиннің мәйіті табылды.