Оңтүстік Қазақстан облысында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ММ сейсмикалық стансасының желісінде 2014 жылғы 23 тамызда сағат 12 сағат 13 минут 22 секундта (Гринвич бойынша 2014 жылғы 23 тамыз сағат 06 сағат 13 минут 22 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР БҒМ СТМЭ хабарлады.
None
None

Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласының оңтүстік-батысына қарай 767 шақырымда орналасқан. Энергетикалық сыныбы - 9.7. Тербелісі MPV 4.3. тереңдігі 20 шақырым», - делінген хабарламада.

Сезілгендігі туралы деректер: Шардарада 2-3 балл. Сейсмикалық белсенді аймақта комиссия жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар