Оңтүстік Қазақстан облысындағы кадрлық өзгеріс

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Серік Ордабекұлы Тұрбеков облыстық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
None
None

С.Тұрбеков 1956 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1980 жылы Шымкент қаласы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің лаборанты болып бастаған. 1981-1999 жылдары Шымкент қаласы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің кіші ғылыми қызметкері, К.А.Тимирязев атындағы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу ауылшаруашылық академиясының аспиранты, Сарыағаш ауданы Красноводопад мемлекеттік селекциялық стансасының аға ғылыми қызметкері, «Шымкент» ғылыми өндірістік бірлестігінің аға ғылыми қызметкері, бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры, Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры, тұқым шаруашылығы бойынша тәжірибелік шаруашылықтың директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. 1999-2010 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының, аумақтық инспекциясының бастығы, «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының әкімі болып еңбек етіп келген, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі .

Соңғы жаңалықтар