Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті алғаш рет үш жылға қабылданды
деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Шығындар баптарын қалыптастыруда облыс басшылығы ең өзекті мәселелерді ескерді. Оларды анықтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс топтарын құрып, оған өзі басшылық жасады. Олардың құрамына барлық басқармалар мен ведомстволардың өкілдері кірді.
Жұмыс топтары аймақтың барлық аудандарында болды, тұрғындармен кездесті, жергілікті атқару органдарының, депутаттардың пікірлерін тыңдады. Осының негізінде ең көкейкесті мәселелер және тұрғындар проблемалары анықталды. «Соның нәтижесінде биылғы жылдың бюджетінде кезек күттірмейтін барлық проблемаларды шешуге қаражаттар қарастырылды. Соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау, елді мекендерді сумен жабдықтау, газ тарту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Жергілікті бюджетті қалыптастыруда басымдықты бағыттар ескеріліп, жаңа регламент бекітілді», - деді А.Мырзахметов өзінің ақпанда өткен тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде.