Оңтүстік Қазақстан облысының күркетауығы ТМД-да үздік деп танылды
«Шетел сарапшылары өнімнің өндірісі мен сапасына қатысты инновациялық қадамды бағалады. Бұл награда біз үшін өте маңызды. Біздің диеталық етімізді тамақ талғампаздарының бағалағаны қуантарлық жайт. Бір жағынан, біз сенімді болдық, себебі тауықтарға біз өз шаруаларымыз өсірген бидай, жемді береміз. Өз жүгерімізді, соямызды, өз өсімдік майымызды пайдаланамыз», - деді құс кешенінің директоры Мұрат Тағаев.
Оның айтуынша, күркетауықтарға жемді өздері дайындайды. Сапалы шикізат, жүктеме мен қайта өңдеу барысын қатаң бақылау нәрлі ет алуға мүмкіндік береді. Дайын өнімді компания мамандандырылған дүкендерде сатады.
Бұдан басқа, компания күркетауықтан сосиска, сарделька және т.б. ет өнімдерін өндіреді. Бүгінде зауыт жылына 10 мың тонна күркетауық етін шығарады. Мұны 20 мың тоннанға жеткізу жоспарлануда. Кәсіпорын өнім түрлерін ұлғайтуға ниетті.