12:47, 11 Шілде 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны «конго-қырым геморрагиялық безгегі» алдын-ала диагнозымен ауруханаға түсті
АСТАНА. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласындағы инфекциялық ауруханаға «конго-қырым геморрагиялық безгегі» алдын-ала диагнозымен 58 жастағы ер азамат жеткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Сондай-ақ, онымен қарым-қатынаста болған 10 адам анықталды, олар медициналық бақылауға алынды. Ал індет ошағында зарарсыздандыру шаралары жүргізілуде.
Конго-қырым геморрагиялық безгегі - вирустық ауру. Оның қоздырушы көзі - малдар, ал тасымалдаушысы - кене. Індет науқас адамнан да жұғуы мүмкін. Бұл барысы өте ауыр жүретін ауру.