10:58, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны конго-қырым геморрагиялық безгегі диагнозымен ауруханаға түсті
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Бірлік ауылының кене шаққан тұрғыны конго-қырым геморрагиялық безгегі диагнозымен Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір диагноз расталды, 1983 жылы туған азаматтың жағдайы аса ауыр. Онымен қарым-қатынаста болған алты адам анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында індетке қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.