Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары Елбасының саясатын толық қолдайды

ШЫМКЕНТ.  Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Татьяна  Пылаева/ - Шымкентте  тамыздың соңғы күндері Оңтүстік Қазақстан облысының  үкіметтік емес ұйымдарының   IV Азаматтық форумы    өтті.
None
None

Форумға  қатысушылар  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Дағдарыс арқылы  жаңару мен  дамуға» атты Қазақстан халқына  Жолдауының  жүзеге асырылу   барысын    талқылады  және   отандастарына мемлекеттік  саясатқа қатысты  өз ұстанымдарын   білдірген   үндеу  таратты.

«Біз    бүгінгі   әлемдік  экономикалық дағдарыс жағдайында  Елбасы  жүргізіп  отырған    сарабдал саясатты,   Қазақстан   халқын   әлеуметтік  қолдау мақсатында қабылданған бағдарламалар  мен  олардың  жүзеге асырылу  үдерістерін   толық  қолдаймыз», - деп  атап көрсетілген     үндеуде.

Жол картасы аясында   Оңтүстік Қазақстан облысында  25,7 миллиард теңге соманың  754  инвестициялық  жобасы  жүзеге асырылуда.  Оның ішінде 324   тұрғын үй-коммуналдық   шаруашылығы  және 285  әлеуметтік  сала нысандарында  жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «100 мектеп, 100 бағдарлама»  президенттік бағдарламасы  бойынша,   аймақта 39 мектептің  және  екі аурухананың  құрылысы  салынып  жатыр.

Форумға қатысушылар  өз үндеулерінде  сондай-ақ,   әлемдегі  қауіпсіздік  мәселесіне  өз  көзқарастарын  білдірді.  «20 жыл бұрын  Нұрсұлтан  Назарбаев    әлемдік  қоғамдастықтың алдында   жоғары жауапкершіліктің  үлгісін көрсетіп,    Семейдегі ядролық полигонды  жою туралы   шешім қабылдаған  еді.   Әлемдегі   төртінші ядролық арсеналдан бас тарту  туралы  да  Елбасының  шешімі бұрын-соңды тарихта  болмаған  жағдай»,-  деп мәлім етеді    үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері  өз үндеулерінде.

Форумға қатысушылар   тамыздың 29-ын  Ядролық қару-жарақтан  бас тартудың  дүниежүзілік күні  деп  жариялау  туралы  Нұрсұлтан Назарбаевтың   бастамасын   қолдады.

Соңғы жаңалықтар