Оңтүстік Қазақстанда 62 мектеп салынады

ШЫМКЕНТ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында 62 мектеп салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев облыс активінің мәжілісінде мәлім етті.
None
None

«Елбасының Жолдауында айтылған негізгі міндеттердің қатарында білім саласын жаңарту міндеттері бар. 2015 жылға дейін елімізде республикалық бюджеттің есебінен 200-ден кем емес, жергілікті бюджеттің есебінен де соншама мектеп салынатын болады», деді Ә.Бектаев өз сөзінде. Ол сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан 1021 мектептің 524-і бейімделген жайларда орналасқанын, 270-і қамыстан тұрғызылған нысандар екенін айтып өтті.

Өңір бұл проблеманы біртіндеп шешіп келеді. «Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен білім саласына 111 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның 2,3 миллиарды 65 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалады», - деді Ә.Бектаев. Оған қоса, 62 мектептің құрылысы жоспарланып отыр, бұл мақсатқа 13,9 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ә.Бектаевтың айтуынша, 20 нысанның құрылысы республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылады, бұл мақсатқа арналған сома 4,5 миллиард теңгені құрайды. Ал қалған 42 мектептің құрылысына облыстық бюджет 9,4 миллиард теңге бөліп отыр.

Әкімнің орынбасарының айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында облыста үш ауысым проблемасы толық шешілген. 2010 жылы облыста 112 білім ошағының құрылысы басталып, жылдың соңына дейін олардың 60-ы пайдалануға берілген. Апатты жағдайдағы 45 мектептің жаңа ғимараттарының құрылысын облыстық бюджет қаржыландырды, олардың 24-і пайдалануға беріліп те қойды, қалғандары 2011 жылы салынып бітеді.

Соңғы жаңалықтар