Оңтүстік Қазақстанда екі жасар қыз бала су арнасына құлап, батып кетті

 АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 6 қазан күні сағат 12:30-да екі жасар қыз бала абайсызда Ошақты су арнасына құлап, батып кетті.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 7 қазан күні сағат 09:35-те оның мәйітін судан туыстары алып шықты. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-гі су-құтқару қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 1 техникасы шықты.

Соңғы жаңалықтар