Оңтүстік Қазақстанда елдегі мақта целлюлозасын шығаратын алғашқы кәсіпорын іске қосылды

ШЫМКЕНТ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында елдегі алғашқы ылғал жұтқыш мақта, мақта целлюлозасы және карбоксиметилцеллюлозасын шығаратын кәсіпорын іске қосылды.
None
None

«Мақтаөнеркәсіп-Целлюлоза» ЖШС «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан.

Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асқан жобаның құны 3,851 млрд. теңгеден асады. Кәсіпкерлерге құрылғылар сатып алу үшін несие ретінде Қазақстанның Даму банкі екі миллиард теңге көлемінде қаржы берген, тағы да 1,661 млрд. теңге - кәсіпкерлердің өз ақшасы.

Кәсіпорын жоспары орындалса, жылына 12 мың тонна өнім шығаратын болады. «Мақтаөнеркәсіп» ЖШС президенті Ермек Абасовтың айтуынша, комбинат төрт кәсіпорыннан құралған. «Бүгін ылғал жұтқыш мақта мен мақта целлюлозасының өндірістері іске қосылып отыр», - деді ол.

Е.Абасов кәсіпорынның толықтай жекеменшік шикізатпен жұмыс істейтіндігін атап өтті. «Біздің шикізатымыз - мақта және мақта талшықтарының қалдықтары», - деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар