13:21, 03 Сәуір 2012 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда электр жарығы қымбаттады
ШЫМКЕНТ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясына жаңа тариф енгізілді, осыдан кейін сағатына 1 киловатт орташа алғанда 11 пайызға қымбаттады.

«Электр энергиясы тарифінің өсуі тұрғындар үшін 6,8 пайызды құрады. Яғни енді қатардағы тұтынушылар 1 сағ/кВт үшін 12 теңге 11 тиын төлейтін болады. Заңды тұлғалар үшін тариф 16,5 пайызға, яғни 15 теңге 11 тиынға өскен», - деді Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің төрағасы Нұрмахан Жолдасов.
Жаңа тарифте бұрынғыдай оңтүстік тұрғындарының түрлі көздерден алатын электр жарығының сатылу бағасы салынған. Бұдан басқа, оған тасымалдау және желілерге қызмет ету шығындары кіреді. Электр энергиясы бағасының өсуі энергия сақтаушы кәсіпорындардың жаңғыртылуымен байланысты. Тариф 1 сәуірден бастап күшіне енді.