11:02, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда тамақтан уланған 57 адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тамақтан уланған 57 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Ағымдағы жылдың 8 мамырында Қазығұрт ауданының ауруханасына - 17, Шымкенттің қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағы 7 адам жеткізілді. Олар 2 күн бұрын «Медеу ата» тойханасында мерекені тойлап, осы шараға тапсырыс берушінің азық-түлігінен жасалған тамақты жеген.
Келесі күні аудандық ауруханаға іс-шарада болған тағы 33 адам жеткізілді. Барлығы 57 адам ауруханада жатыр, олардың ішінде 7 бала бар. Уланғандардың жағдайы "қанағаттанарлық" деп бағалануда.