Оңтүстік Қазақстанда темекіні заңсыз шығарған тұтас бір зауыт анықталды - Теңгебаев

«Күні кеше ғана біз арнайы шараларды өткізіп, темекі өнімдерін заңсыз шығарған тұтас бір зауытты анықтадық. Кәдімгідей зауыт, кәсіпті ескі зауыт негізінде ашып, темекі өнімдерін заңсыз шығарып отырған. Енді қараңызшы, бізде темекі саласы бойынша ондай қауіп-қатерлер жоқ деген түсінік бар. Әсте олай емес. Сонда оңтүстік аймақта сол заңсыз зауыттың өнімдері сатылған. Сондықтан ондай зауыттарды жауып тастасақ та, оларды үнемі тексеріп отыру қажет», - деді Теңгебаев бүгін комитеттің жұмысын бағалау мәселелеріне арналған жиында.
Айта кетейік, осы жиында жекеменшік фирманың буxгалтері салық комитетінің мәдениетсіздігі үшін Теңгебаевқа арызданды . Ал «Сандж» зерттеу орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмыс сапасына арналған сауалнаманың нәтижесін жариялап, Маңғыстау мен Атыраудағы мемлекеттік қызметте жемқорлық көрсеткішінің жоғары болуының себебін жариялады .