09:19, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда төсеніштің тұтануы салдарынан 3 бірдей сәби көз жұмды
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінде палас тұтанды.

Жалпы аумағы 1 метрді қамтитын кілемнің тұтанған жерін үй иесі - отбасының анасы сөндірді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға болған жерден газ иісіне уланған 5 жастағы, 3 жастағы және 1 жастағы үш сәбидің мәйіті табылды. Сондай-ақ дене жарақаттарымен 6 жасар бала ауруханаға жеткізілді.