Оңтүстік Қазақстанда жазғы лагерлерде 50 мыңға жуық оқушы демалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстандағы 24 жазғы сауықтыру лагерінде 50 мыңға жуық бала демалмақ. Бұл туралы облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Елшиева мәлім етті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Сондай-ақ, 6500 бала өзге өңірлер мен шет елдердегі лагерлерге барады. Өңірде жазғы лагерлер маусым айының бесінен бастап жұмысын бастайды. Осы демалыс орындарына облыстан әлеуметтік тұрмысы төмен, жетім және жартылай жетім он мыңға жуық бүлдіршін жаз айында лагерлерге тегін жіберледі. Сонымен қатар, қала ішіндегі оқушылар сарайының жанындағы «Балдаурен» лагері 600 баланы тегін қабылдайды. Онда келген балалар түрлі үйірмелерге қатысып, тарихи орындарға саяхат жасайды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар