Оңтүстік Қазақстанда жеделдете индустрияландыру партиялық бақылауға алынды

ЫМКЕНТ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында жеделдете индустриялық бағдарламасын жүзеге асыру барысына «Нұр Отан» ХДП мүшелері бақылау орнатуда. Партиялық бақылау бекеттері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында құрылды, оның ашылуына «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан филиалының басшылары мен белсенділері қатысты.
None
None

Қазір «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы екі кәсіпорынды - мақта-мата жібін иіретін «Oxy Textile» ЖШС пен гигроскопиялық мақта мен техникалық целлюлоза өндіретін «Мақтаөнеркәсіп-целлюлоза» ЖШС-ны іске қосуға әзірленуде. Олардың пайдалануға берілуіне айға жетпейтін уақыит қалды. Ең заманауи жабдықтар Қазақстан даму банкінің қолдаумен алынды, бұдан басқа респбуликалық бюджеттен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инженерлік желілер құрылысына 7 млрд. 8 млн. теңге салынды. «Біз кәсіпкерлермен әңгімелестік және ақша қаражаттарының орнымен жұмсалып жатқанына көзіміз жетті, жабдықтарды реттеу жоспар бойынша жүріп жатыр. Жаңа кәсіпорындар жергілікті тұрғындарды жұмысқа көптеп тартып жатқаны қуанышты», - деді партиялық бекет жетекшісі Күмісбек Борашев.

Екі жаңа фабриканы іске қосу отандық мақта өңдеуді жаңа сапалық деңгейге шығарады. Олардың әрқайсысында 300-ге тарта адам жұмысқа ие болады.

Соңғы жаңалықтар