Оңтүстік Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құрайды

Бұл республикалық көрсеткіштің үштен біріне тең болып табылады.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама аясында 13 475 адам арнайы кәсiпке оқытылса, оның ішінде 5 898 адам оқуды аяқтап, 5 887-сі жұмысқа орналасқан. Бұдан бөлек, 777 мекемеде 7871 әлеуметтік жұмыс орны ашылды.
«Жастар практикасы» аясында 1680 кәсіпорынға 8150 адам жіберілді. Бұл бағыттағы қамтылымның республикадағы үлесі - 32,7 пайызды құрап, өңір 1 орынға шықты. Бұдан бөлек, 1052 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
«Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 1004 адамға 2076,4 млн. теңге несие берілген. Жұмыссыз ретінде тіркелген 58,8 мың адамның ішінен 57,5 мың адамы немесе 98,0 пайызы жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құрап отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.