14:31, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт аудандық қазынашылығының бастығы парамен ұсталды
ШЫМКЕНТ. 5 мамыр. ҚзаАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ірі көлемде пара алғаны үшін

Қазығұрт аудандық қазынашылығының бастығын ұстады, деп хабарлады ОҚО бойынша Қаржы полициясының баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова.
Аудандық қазынашылықтың бастығы бопсалау арқылы пара алды деп айыпталуда. «Ол кәсіпкерден оның ЖШС-інің есепшотына 27 млн. теңге көлемінде қаржы аударылғаны үшін бір мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Ол қаржы екі балабақша құрылысының мемлекеттік сатып алулар бойынша орындалған жұмыстары үшін төлем болып саналды», - деді Ж.Мамытова. Балабақшалар «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып, оның тапсырыс берушісі Қазығұрт аудандық білім бөлімі болды.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 311-бабы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен айыпталушы тұтқындалды.