Оңтүстік Қазақстандық тәртіп сақшылары облыс орталығына кіреберіс жолдарды күшейтілген режимде қарауылдауда

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - «Оңтүстік Қазақстандық тәртіп сақшылары облыс орталығына кіреберіс жолдар мен аймақтағы өзге де жолдарды күшейтілген режимде қарауылдауда», - деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.
None
None

Оның мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың 12-қарашасынан бастап, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Полиция қызметкерлері күнде азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезекшілікке шығады», - дейді С.Қаракөзова.

Күшейтілген режимдегі полиция топтары аймақтың негізгі жол бағыттарында тұрады. Сонымен қатар қарулы тәртіп сақшылары Шымкентке кіретін басты кіреберіс жолдарды қарауылдайды. Олар күдікті көліктерді тексеріп, жағдайды бақылап отырады. Шымкентте қару-жарақ дүкендері жабылған. Бұл шаралар Таразда болған оқиғалардан соң қолға алынып отыр. Құқық қорғау органдары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аймақ тұрғындарына тыныштықты сақтап, үрейге бой алдырмауға шақыруда. Сондай-ақ сенім телефондарының тізімдері жарияланды. Осы телефондар бойынша, азаматтар күдікті адамдар мен заттар туралы жедел хабар бере алады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті: (7252) 54-01-01

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті: (7252) 33-15-26, 33-15-72

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті: (7252) 21-17-44

Соңғы жаңалықтар