17:02, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанның көкөністері мен қарбыздары - елорданың мерекелік дастарханына
АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Дүйсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автокеруен елордаға жетті. Мереке қарсаңында оңтүстіктен Астанаға 200 тонна көкөніс түрлері әкелінді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оннан астам ауыр жүк көлігі 50 тонна қырыққабат, 50 тонна картоп, 70 тонна бақша өнімдері, 15 тонна қызанақ және 3 тонна қияр алып келді. «Жаңа піскен көкөніс түрлері делдалсыз Астана базарына тікелей шығарылып, бағаның көтерілмеуін қамтамасыз етеді. Елорда тұрғындары үшін бұл мерекеге арналған тамаша тарту болады», - деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.