Оңтүстік Корея ғалымдары шығысқазақстандықтарды инновациялық кәсіпкерліктің әлемдік тәжірибесімен таныстыруда

ӨСКЕМЕН. Шілденің 15-і.   ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -  Сейсенбі күні   Өскеменге  ресми  сапармен  Оңтүстік Корея делегациясы  келді,
None
None

деп хабарлайды     облыс әкімінің баспасөз     қызметінен.

Халықаралық  кәсіпкерліктің  бірлескен   мектебіне  қатысу  үшін  келген оңтүстіккорейлік  делегацияның    құрамында Хосео  университетінің  Халықаралық  кәсіпкерлік  жоғары мектебінің  деканы   Хон  Ким  мен оның  орынбасары Сан Сан-Хук  бар.

Облыс әкімі Бердібек  Сапарбаев   бүгін       оңтүстіккеорейлік ғалымдармен  кездеседі.  Кездесу   бағдарламасында -    ынтымақтастықтың  негізгі бағыттарын   талқылау,      аймақтың    өнеркәсіптік кәсіпорындарын  аралау жоспарланып  отыр.

Ал  кеше  Шығыс Қазақстан   техникалық  университетінде       ғалымдар   халықаралық  мектептің  тыңдаушылары  үшін  «Заманауи  әлемдік  инновациялық  кәсіпкерлік»   тақырыбында    алғашқы дәрістерін   оқыды. Бүгін   заманауи  маркетинг бойынша тағы бір сабақ өтеді, ал    үзілісте ғалымдар  студенттермен  кездеседі.

Инновациялар  саласындағы  халықаралық  санаттағы  менеджерлерді  дайындау  жөніндегі Д.Серікбаев атындағы   Шығыс Қазақстан  мемлекеттік техникалық     университеті  мен    Хосео  университеті  Халықаралық  кәсіпкерлік  жоғарғы мектебінің       бірлескен   жобасы    ағымдағы жылы басталды.   Бұл жобамен    елімізде алғаш рет      Қазақстанның  инновациялық  экономикасы үшін  кадрлар дайындау ісі   халықаралық деңгейге  шығарылып отыр.

Соңғы жаңалықтар