Оңтүстік Корея нарығындағы ІРО-ның барша спекторының қызметін Қазақстанға ұсынбақ

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея нарығындағы ІРО-ның барша спекторының қызметін Қазақстанға ұсынбақ.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы «ІРО және Кореядағы қаржылық нарық» атты халықаралық форумда Оңтүстік Кореялық қор нарығының атқарушы директоры Чо Джеду мәлім етті.

«Кореядағы құнды қағаздардың қарқындылығына орай біз дамыған елдердің алдыңғы қатарлы индексіне енгізілдік. Қазіргі кезде шетелдік инвесторлардың Кореяның мұнай-химиясы, биоөнеркәсіп, автокөлік жабдықтары және басқа да салаларға қызығушылығы артып келеді. Осы арқылы біздің нарық халықаралық ойыншылар үшін инвестициялардың негізгі бағыттарының бірі болуда»,-деді атқарушы директор.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Кореялық қор биржасы халықаралық бизнестің түрлерін дамытып отыр.

«Біз Қазақстан компанияларының бұдан ары қарай дамуының болашағын жоғары бағалап отырмыз. Өткен жылдан бастап Кореядағы ІРО нарығында өзіміздің қызметтерді белсенді ұсына бастадық. Кереялық қор биржасы төлемпаздылық бойынша, инвесторлық база тұрғысындағы барлық қажетті көрсеткіштерге ие болып отыр»,-деді ол.

 Корея ІРО-сының ауқымына тоқталған атқарушы директор, соңғы жылдары жоғары төлемпаздылыққа негізделген келісімшарттардың көлемі мен сомасына қарай аталған ел бесінші орынға шығып отырғандығын жеткізді.

«Қазіргі кезде  Қазақстан мен Корея қарым-қатынастарды ұдайы жоғары деңгейде қолдап келеді. Біздің елдердің Президенттері  жыл сайын кездесудер өткізуде. Бұл өз кезегінде экономикалық және мәдени байланыстар нығайтуға септігін тигізуде. Біз өз кезегімізде еліміз нарығындағы ІРО-ның барша спекторының қызметін ұсына аламыз»,-деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар