Оңтүстік Кореяда өткен Арнайы олимпиадада қарағандылықтар 2 алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Пхёнг Чанг қаласында өткен Бүкіләлемдік қысқы арнайы Олимпиада ойындарына қатысып қайтты, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Қарағанды қаласынан кезекті Арнайы олимпиадаға Екатерина Скопенева, Сұңғат Шалбаев, Анастасия Мухортова, Нұржан Түсіпов қатысты. Спортшыларымыз алты медаль - екі алтын, бір күміс және үш қола алып келді», - делінген хабарламада.
Құраманың жаттықтырушысы және медициналық-әлеуметтік мекеменің дене шынықтыру мұғалімі Галина Слепенькованың айтуынша, оның тәрбиеленушілері қар басқыштармен жақында ғана танысты.
«2011 жылы біз Грекияға көркем гимнастика бойынша жарыстарға бардық және сонда өзбек спортшылары бізге шеберлік сабақтарын көрсетті. Бірақ олар қар басқыштармен қардың емес, құмның үстімен жүгірген болатын. Белгілі болғандай, олар өздерінің аяқтарына үлкен тенниске арналған ракеткаларды байлаудан бастаған екен. Осылайша біз де Қарағандыда спорттың бұл түрін дамытпақшы болдық», - деп баяндады жаттықтырушы.
Special Olympics қазақстандық комитеті біздің бастамамызға қолдау білдірді. Қар басқыштар Ресейдің Санкт-Петербор қаласында сатып алынды.
Қарағандылық спортшылардың Арнайы ойындарға баруын ұйымдастырумен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы айналысты. Басқарманың мәліметтерінше, ойындарға баруға, спорттық құралдарды сатып алуға шамамен 1,2 млн. теңге жұмсалды. Демеушілер ретінде бірнеше қарағандылық кәсіпорын шықты.
Жарыстарға қатысудан басқа, қарағандылықтар Оңтүстік Кореядағы тарихи императорлық кешенге, океанариумға, балауыздан жасалған мүсіндер мұражайына, атақты Эверленд саябағына барып үлгерді.
Оңтүстік Кореядағы Бүкіләлемдік қысқы арнайы Олимпиада ойындарында 45 адамнан құралған қазақстандық команда жарыстың бес түрі бойынша қатысты. Жалпы есепте қазақстандықтар 13 алтын, 7 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды.
Арнайы олимпиада төрт жылда бір рет өткізіледі. Оңтүстік Кореяда осыған ұқсас спорттық жарыстар бірінші рет өткізілді. Онда қатысушылар ретінде 111 елден келген 3 190 атлет тіркелді.