Оңтүстік Кореядан келген танымал хирург БҚО дәрігерлерін тәжірибе алмасуға еліне шақырды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО клиникалық ауруханасында Оңтүстік Кореядан келген Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Унг Лимен кездесу болды.

Шараны жүргізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменовтің айтуынша, Кванг Унг Ли - бауырды алмастыру саласындағы саласындағы танымал хирург. Мұндай оталар әлемнің 93 елінде жасалғанымен, бұл жөнінен Оңтүстік Корея көш басында келеді. Өйткені оталардың 23 пайыздан астамы осы елде жасалады. Сондықтан батысқазақстандық дәрігерлер тәжірибе алмасып, біліктілігін көтеру үшін Оңтүстік Кореяның медицина саласымен тығыз байланыс орнатқан. Осы кезге дейін 18 дәрігер сондағы үздік медицина орталықтары мен университеттерінде оқып, біліктіліктерін жетілдіріп келді. Бауыр ауыстыруда 400-ден астам ота жасаған профессор Лимен кездесіп, пікірлесу де маңызды. Ол батысқазақстандық әріптестерін тәжірибеден өтуге шақырып отыр немесе кореялық мамандар Батыс Қазақстанға келуі мүмкін. Мұндай қадамдар өзара келісім жағдайында жүзеге аспақ.

Бауыр ауыстыру жөніндегі оталар елімізде Астанада жасалады. Мұндай орталықтарды тиісті мамандар мен қажетті құрал-жабдық болған жағдайда өңірлерде де ашуға болады. Айта кетейік, облыста шетелдердің үздік тәжірибесін енгізуге барынша көңіл бөлініп келеді. Медицинаның түрлі салалары бойынша дәрігерлердің Литва, АҚШ, Ресей, Финляндия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания елдерінде тәжірибеден өтуі жалғасуда. Жыл сайын 500-дей дәрігер мен 2 мыңнан астам орта буын қызметкері ел ішінде, 10-нан астам маман шет елде біліктіліктерін көтереді. Биыл жыл басынан бері 117 дәрігердің жетеуі шет елде білім-білігін көтеріп қайтты.

Соңғы жаңалықтар
telegram