Оңтүстік Кореяға виза жасап берем деп 5 адамды алдаған қызылордалық әйел ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызуға виза құжатын рәсімдеп бере алатынын айтып, бірнеше адамнан алдап ақша алған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны арызданған.
Айтуынша, бейтаныс адам Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызуға виза құжатын дайындап беруге уәде етіп, алдап кеткен.
Келген шығын - 1 млн 500 мың теңге.
Сол күні полицияға қаланың тағы төрт тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша арыз түсірген.
Оалардан жұмыс ақысы үшін алаяқ 700 мың теңгеден алған.
Жалпы келген шығын - 4 млн 300 мың теңге.
«Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізді. Орта жастағы азаматшаның жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске сала кетейік, Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа сот үкімі шықты.