18:31, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Оңтүстік Кореяның Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ – Бүгін түстен кейін Қазақстанға үш күндік сапармен Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мён Бак ресми сапармен келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елорда әуежайында Оңтүстік Кореяның көшбасшысын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев қарсы алды.Ертең сапар аясында Ли Мён Бактың түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуды талқылау үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен және Қазақстанның іскер ортасының өкілдерімен кездесуі жоспарланған.Сонымен қатар, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою, оңтүстіккореялық Президенттің қазақстан-корей бизнес-форумына қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Корея арасындағы екіжақты қатынастарды дамыту бойынша іс-қимыл жоспарларын қабылдау жоспарланған.