Оңтүстік өңір азаматтардың прокуратура органдарына жүгінуінен республика бойынша екінші орында

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, сапалы, уақтылы қарау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылады. Бұл туралы ведомствоның 2015 жылғы 1-ші жартыжылдық жұмысының қорытындылары бойынша өткен Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы алқасының отырысында айтылды.
None
None

Ағымдағы жылғы 6 айда ОҚО прокуратурасының органдарына 13 мыңнан астам өтініш келіп түсті, алдыда тұрған Алматы қаласы ғана (18 895 өтініш). Құжаттар айналым жағынан өңір республика бойынша үшінші орында (179 650 құжат). Оның алдында ШҚО (198005) мен Қарағанды облысы (187720) бар.

Прокуратура органдарында ІТ-технология мен заңнаманың дамуымен іс қазғаздарын жүргізудің электрондық үлгісіне көшу үрдісі жүзеге асырылды. Осы жұмыс аясында Қазақстанда 115 бірыңғай тегін нөмірмен және www.115.kz. электрондық порталымен Бас прокуратураның арнайы ақпараттық сервис-орталығы жұмыс істей бастады. Бұған кіру үшін азаматтың Интернетке қолжетімділігі мен ЭСҚ болуы тиіс. 115 нөміріне елдің кез келген нүктесінен хабарласуға болады. Осылайша, тұрғындар өз өтініштерінің қаралу барысын кез келген уақытта бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар