Оңтүстік өңір журналистері дін жайлы хабар таратудың ерекшеліктерімен танысуда

ШЫМКЕНТ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Елдің оңтүстік өңірінің журналистері дін жайлы хабар таратудың ерекшеліктерімен танысуда.
None
None

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, семинарға Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының журналистері жиналады. ҚР Дін істері агенттігінің өкілдері, теологтар, ғалымдар мен дін саласындағы мамандар тілшілерге дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндірмек.

Журналистердің діни сауаттылығын арттыру ОҚО әкімдігі, «Астана орталық консалтинг» қоғамдық қорымен бірлесе Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар