Оңтүстік өңірдегі бірқатар білім мекемелері жаңаша атауға ие болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО әкімінің орынбасары С.Қаныбековтың төрағалығымен облыстық ономастика комиссиясының отырысы өтті.
None
None

Онда Шымкент, Түркістан, Арыс қалалары мен Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Түлкібас аудандарындағы білім және мәдениет мекемелеріне атау беру және олардың атауларын өзгерту жөніндегі ұсыныстар жан-жақты қаралды. Мәжілісте кеңестік дәуірден қалған есімдерді иеленіп келген және атауы жоқ білім мекемелеріне «Шапағат», «Парасат», «Шамшырақ», «Ұлағат», «Алаш жолы» сияқты атауларды беру туралы ұсыныстар бір ауыздан мақұлданып, республикалық комиссияның қарауына жолданды, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар