Оңтүстік өңірлерге газ Түрікменстаннан тасымалданатын болды

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің оңтүстік өңірлеріне газ енді Түрікменстаннан тасымалданады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаев мәлім етті.

«Бірінші қарашадан бері Өзбекстан тарапы газ жеткізіліміне шектеу қойды. Тапсырыс бойынша, белгіленген 397 мың текше метр газдың жеткізілімі 100 мың текше метрге төмендетілді. Тұрақтылықты сақтау үшін Полторадское, Көктөбе қоймаларынан, Амангелді кен орнынан газ жеткізілімі көбейтілді», - деп атап өтті вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселені шешу үшін министрлік «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» компанияларымен бірлесе, Өзбекстанға барып келіссөздер жүргізді. Алайда өзбекстандық тарап газ жеткізіліміндегі шектеуді доғармады.

«Осыған байланысты 10 қарашада қытайлық «CNPC» компаниясымен келісімге қол жеткіздік. Осының аясында 2011-2012 жылдардың күзгі және қысқы маусымында 500 млн. текше метр көлемінде газды алмастыруға уағдаластық жасалды. Оның ішіндегі 12 млн. текше метрі жыл соңына дейін жеткізіледі», - деді Б. Толымбаев.

Оның айтуынша, 10 қараша күні сағат 21.00-ден бастап, Түрікменстан газы еліміздің жүйесіне жеткізіле бастады. 12 қарашада бұл бағыттағы ахуал тұрақтанды. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар қалыпты режимде атқарылып жатыр.

«Біз Жамбыл ГРЭС-іне, сондай-ақ басқа да әлеуметтік нысандарға газ жеткізуге дайынбыз», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Соңғы жаңалықтар