Оңтүстікқазақстандық полицейлер бір топ барымташыны құрықтады

ШЫМКЕНТ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер Сайрам ауданында мал ұрлаумен айналысқан барымташылар тобын құрықтады, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның қорасынан 5 ірі қара малды ұрлап кетті. Одан келген шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады. Табысты өткізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде Сайрам АІІБ полицейлері 3 күдіктіні құрықтады. «Олардың барлығы да Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, екеуі 1988, біреуі 1986 жылғы. Барлығы да жұмыссыз, еш жерде оқымайды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 175-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, тергеушілер ұсталғандардың осы секілді басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар