Оңтүстікқазақстандықтар тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына көмек қолын соза бастады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының халқы су тасқыны болған аймақ тұрғындарына көмек қолын соза бастады. Өңірдің «Жастар ресурстық орталығында» өткен жиында жиналғандар қаржылай ақша жинап, облыс тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None


null
Жергілікті билік пен жастардың басын қосқан алқалы жиында  су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мәселелері көтерілді. Жастар арнайы қойылған жәшікке бүгіннен бастап қаржы жинап, бір күндік жалақыларын аударатын болып келісті.  Қиналған жұрттың жағдайына қарап отырмай,көп болып қол ұшын созайық деген қауым облыс тұрғындарына үндеу жариялады.

«Құрметті  оңтүстікқазақстандықтар!

Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарын су тасқыны белең алуына  байланысты отандастарымыз  баспанасыз қалғанын  жазуда. Оларды жергілікті билік мектеп жатақханаларына орналастырып жатыр. Облыстың белсенді  жастары орын алған жағдайға бей-жай қарай алмай, облыс тұрғындарына үндеу жариялайды. Отандастарымыздың қайғысы мен басына түскен қиындығы бүкіл Қазақстан  халқының қабырғасын қайыстырды.  «Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу - адамгершіліктің  ғажап үлгісі, ұлттық дәстүріміз арқылы біздің сүйегімізге сіңген қасиет. Ежелден қарға тамырлы қазаққа жау да, дау да, той да, қайғы мен қаза да ортақ. Көмекке мұқтаж бауырларымызға көмек беру - азаматтық парыз. 

null 

Сондықтан, қолымыздан келгенше қиын сәтте жерлестерімізді желеп-жебеу мақсатында облысымыздың барша тұрғындары мен жастарын, беделді кәсіпкерлерін, үкіметтік емес ұйымдарды,  мемлекеттік және бюджеттік мекемелерді материалдық және моральдік көмек қолын созуға шақырамыз. Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған төмендегі есеп-шотына қайырымдылық қаржыларыңызды аударуға болады. Бауырларымызға қолдау көрсетіп, бауырмал болайық!», - делінген үндеуде.

Бұдан өзге орталық ғимаратына тұрғындар бүгіннен бастап азық-түлік пен киім-кешек әкеле бастады. Кәсіпкерлер де қарап отырмай, ең қажетті деген тамақ өнімдерін жеткізді. Жастар өңірде қол ұшын созамын деген деген азаматтарға арнайы есеп-шот ашылғанын мәлімдеді.

null 

РЕКВИЗИТ:

«Бізбен бірге» қоғамдық қоры

Шымкент қаласы, Қайтпас 2 мөлтек ауданы №34-35

«Нұр банк» АҚ Шымкент қ. филиалы

БИН 150540004179

ИИК KZ4284906KZ000966548

БИК NURSKZKX

КОД 18

Үйлестіруші: «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы Андабаев Абай

Байланыс нөмірі: 8 7719630834, 87754040421.

Яғни, тасқын судан зардап шеккендерге көмектесемін деген кез-келген азамат осы есеп-шотқа ақшасын аудара алады.
Еске сала кетсек, Астанада TaskynKomek штабы және еріктілердің су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қабылдау  пункті ашылды. 

Соңғы жаңалықтар