Оңтүстіккореялық бизнесмендер ҚР экономикасындағы жеңілдіктермен және инвесторлар үшін заңнамалық кепілдемелермен танысты

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Сеулде Корея импорттаушы қаумдастығының қолдауымен (Korea Importers Association - KOIMA) Қазақстанның елшілігі «Қазақстандағы инновациялық мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өтті.
None
None

Оған Оңтүстік Кореяның 100-ден астам іскерлік құрылымдар басшысы қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Кореядағы ҚР елшісі Дулат Бекішев оңтүстіккореялық бизнесмендерді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен, инвесторлар үшін экономика секторларымен, сондай-ақ Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қоса алғанда, республиканың басты стратегиялық құжаттарының қағидаларымен таныстырды.

Корея бизнесмендерінің шара аясында білдірген қызығушылығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, олар экономиканың жеке салаларына (мұнай және газ, ауыл шаруашылық саласы) тікелей шетел инвестицияларын тарту жөнінде сұрақтар қойды. 

Бүгінгі күні Қазақстанға тартылған Оңтүстік Кореяның тікелей шетелдік инвестициялары 4 млрд. АҚШ доллардан астам соманы құрайды, ал ҚР-інде жүзеге асырылып жатқан жобалардың инвестициялық қоржыны 8 млрд. доллардан асып жығылады.

Соңғы жаңалықтар