Оңтүстіккорейліктер Өскеменде гольф-клубын салуға әзір

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Хосео университетінің кооперация жөніндегі индустриялық-білім қорының жетекшісі, профессор Хон Ким жетекшілік ететін делегациямен болған кездесуде тараптар өзара ынтымақтастықтың келешегін талқыланды.
Кездесуде марал өсіру саласындағы ынтымақтастық, Өскеменде гольф-клуб салу және Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп, ғылыми зерттеулер жүргізу және аймақтың бай минералдық-шикізат ресурстарын пайдаланып, шартты таза өнім шығару мәселелері (бұл жерде тантал ұнтағынан өнім шығару туралы сөз болып отыр) егжей-тегжейлі талқыланды.
Корея делегациясының өкілдері нанотехнологиялар негізінде жаңа дәрілік заттар шығару және панты өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларға ықылас білдірді. Маралдардың отаны - Қатонқарағайда қазір «Ақсу-Дэен» қазақстан-корей бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Онда марал пантынан, қатонқарағай балынан және жергілікті өсімдіктерден дәрілік заттардың түр-түрі шығарылады.
Аймақ басшысының пікірінше, өндірісті технологиялық жетілдіру және бірлескен кәсіпорындар шығаратын өнімдердің түрлерін кеңейту осы бағыттағы басымдықты жұмыс болуы керек. Ал гольф-клубтың құрылысына келер болсақ, Б.Сапарбаев бұл идеяны қолдады, тек Шығыс Қазақстанның күрт континентальды климатында гольф-клубтың міндетті түрде жабық болуы керектігі туралы ұсынысын білдірді.