14:43, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
«Оңтүстікполиметалда» еңбекақы төлемдері бойынша берешектерді төлей бастады
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Оңтүстікполиметалда» еңбекақы төлемдері бойынша берешектерді төлей бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөніндегі ақпаратты «Оңтүстікполиметалл» ӨК» АҚ президенті Тұрсынбек Асанбаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Құрбан Қалқабеков таратты.Хабарламада берешектің ішінара жабылғаны айтылған. «Еңбекақы төлеу бойынша қалыптасқан берешек Кентау филиалында, Сайрам бөлімшесінде, 1-ші жылу электр стансысында жабылды. Шамамен 400 адамды құрайтын Шымкент өндірістік алаңы бойынша берешек жабылды. Тізімдер Оңтүстік Қазақстан облыстық халықты әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту департаментіне ұсынылды», ? деп айтылған құжатта.Жалақы бойынша берешекті беру және жалпы корпорацияны дағдарыстан шығару туралы мәселені ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник қатаң қойған болатын. Арнайы комиссияны басқарған ол ақпанның 12- 13-і аралығында АҚ-ның барлық кәсіпорындарында болды. Тексеру қорытындылары бойынша комиссия өз ұсыныстары мен талаптарын шығарып, бірінші кезекте жалақы бойынша берешекті жабуды талап етті.Таратылған құжатта кәсіпорын басшылары уәде етілген өндірістік қуаттардың іске қосылғанын мәлімдеген.