Оңтүстікте бір бас сиыр үшін 154 000 теңге субсидия төленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сыбаға» бағдарламасы Оңтүстіктің аудан, қалаларынан бөлек Кентаулық шаруаларды да қуантуда, деп жазады egemen.kz.

Мәселен, Қарнақ ауылындағы «Береке» және «Мурад», Хантағы ауылындағы жеке кәсіпкер Гүлназия Жанабатырова асыл тұқымды бұқалар алып, 100-ге жуық сиырға тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Таңертеңнен кешке дейін қақтап саусаң да жарты шелек сүт бермейтін сиырлардан шелектеп сүт беретін асыл тұқымды сиырлар әлдеқайда артық.

Шаруалардың «Сыбаға» бағдарламасына қызығатындығының тағы бір себебі, селекция және асыл тұқымды мал сатып алуға мемлекет 1 бас үшін 154 мың теңге субсидия төлейді. Тұқымды түрлендіру мақсатында 1 басқа 18 мың теңге бөледі.

Былай айтқанда, мемлекеттік қолдау шаруаларды екі жеп биге шығарып отыр.

Соңғы жаңалықтар