Оңтүстікте ерлерге арналған классикалық киім тігетін тұңғыш фабрика ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың қатысуымен «Golden Nomad» ЖШС-нің аймақтағы ерлерге арналған классикалық киім тігетін тұңғыш фабриканың ашылу болды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның құны 158 млн. теңге. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 26 мың дана костюм. Онда 73 жаңа жұмыс орны ашылған. Технологиялық құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен Қытай Халық Республикасынан, Жапониядан және Түркиядан алынған. Аталған жабдықтардың Оңтүстік Қазақстан облысында баламасы жоқ. Кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланып, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Жалпы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру Картасына Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы құны 705,2 млрд. теңге және 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 жоба енгізілген.

Соңғы жаңалықтар