Оңтүстікте «Өніс күні» өмірге келген сәбилер марапатталды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін 18 наурыз Оңтүстік Қазақстан облысында Наурыз мейрамының аясындағы «Өніс күні» аталып өтуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Биыл оңтүстік өңірі Наурыз мейрамын өзгеше атап өтуде. Облыс басшысы бекіткен жоспарға сәйкес, 14-22 наурыз аралығындағы әр күнге лайықты атау беріліп, ауқымды іс-шаралар қамтылған. Жаңа сипатта ұйымдастырылып отырған биылғы мейрам халқымыздың көнеден келе жатқан Наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталып отыр. Наурыз табиғаттың жаңғыруы ғана емес, өсіп-өнудің басы саналады. Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмаилов «Нұрсәт» шағынауданындағы №4 облыстық перинаталдық орталықта болып, дүниеге келген сәбилердің аналарын облыс әкімдігі атынан құттықтап, шағын сыйлықтар тапсырды», - делінген баспасөз баянында.

Басқарма басшысы БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында облыста күніне екі жүзден астам сәбидің, ал Шымкент қаласында күніне 100-ге жуық нәрестенің дүниеге келетінін жеткізіп, өткен сенбілікте «Дендросаябақта» отырғызылған ағаштар мереке қарсаңында туылған нәрестелерге арналғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар