Оңтүстіктегі үш облыстың әкімдері «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қайта құрылымдану процесін өздері бақылайтын болды

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын әрі қарай қайта құрылымдаудың жайын талқылау және осы мәселенің шешілуіне серпін беру мақсатында Шымкентте бас қосты, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 2010 жылғы наурыздың 31-індегі қаулысына сәйкес «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамының акцияларының мемлекеттік пакеті 33,33333 пайыздан тең үлеске бөлініп, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының коммуналдық меншіктеріне берілген болатын. Маусым айында компанияны қайта құрылымдау процесі басталды.

«2007 жылдың желтоқсан айында Үкімет қаулысымен «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қарамағына 28 кәсіпорын берілген болатын, оның 19-ы- Оңтүстік Қазақстан облысының, біреуі - Қызылорда облысының, 8-і- Жамбыл облысының аумағында орналасқан. Корпорацияның құрамында бүгінде 116 ұйым бар, оның 71-і - әлі бағаланатын нысандар. Олардың 36-сы- Оңтүстік Қазақстанның, 8-і- Жамбыл облысының, 27-сі- Қызылорда облысының аумағында орналасқан», -дейді «Оңтүстік» ӘКК баспасөз хатшысы Клара Серікбаева.

Оңтүстіктегі үш облыстың әкімдері Шымкентте өткен кеңестің қорытындысы бойынша, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қайта құрылымдану процесін өздері бақылайтын болып шешім қабылдады. Алғашқы нәтижелерді талқылау үшін қараша айында Таразда осындай кездесу өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар