Оңтүстіктен солтүстікке: Қоныс аударған отбасыларға қанша ақша жұмсалды

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан бері жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 2017 жылдан бастап құрамында 26,6 мың адамы бар 7,3 мың отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударды», - деп жазады ведомство өкілдері.
Осынша адамның жаңа мекенге жерсініп кетуі үшін мемлекет қазынасынан 2017 жылдан бері 8,8 млрд теңге жұмсалған. Оның ішінде көшуге субсидия төлеу үшін 3 млрд теңге бөлінген.
Ресми жауапта қоныс аударушыларға жаңа тұрғылықты жерінде бастапқы қолдау көрсету үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында мынадай субсидиялар төленентіні айтылған.
- көшуге – әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (102,1 мың теңге) мөлшерінде;
- отбасыға 12 ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге 15-тен 30 АЕК-ке (43,7 мың теңгеден 87,5 мың теңгеге дейін) дейін беріледі.